Обама Таяу Шығыс басшыларын Ақ үйге шақыруда

АҚШ президенті Барак Обама Израиль, Палестина, Мысыр басшыларын алдағы апталарға Ақ үйге шақырып отыр. Ресмилер сөзіне қарағанда ол кездесулер маусым айынан бұрын болуы мүмкін. Жеке-жеке жағдайда болатын ол сөйлесулердің мақсаты-Таяу Шығыс бейбіт келіссөздерін алға жылжыту. Обама Ақ үйде, сейсенбі күні Иордания патшасы Абдулламен кездескен еді. Осы сөйлесуден кейін Обаманың аталған бейбіт келіссөзге байланысты үміті арта түсуде.