Қырғызстан ішкі істер министрлігі қызметкерлері бөлімінің басшысы күкірт қышқылынан күйіп қалды. Азаттық радиосы қырғыз қызметінің хабарлауынша, сәрсенбі күні белгісіз бір адам полковник Қыркелді Қыдырбаевқа 2 литр күкірт қышқылын шашып жіберген. Бұл оқиға Қыдырбаевтың Бішкектегі пәтері жанында орын алған. Қазір тергеу ісі жүріп жатыр.