Пентагон тұтқындарды азаптау сәттері бейнеленген суреттерді жарияламақшы

Атап айтқанда АҚШ-тың Ирақ пен Ауғанстандағы түрмелерінде орын алған осы жайлар түсірілген суреттер мамырдың 28-не дейін жарияланбақшы. Бұл жөнінде Америкалық азаматтар бостандығы атты одақ хабарлап отыр. Осы одақ Ақпараттар бостандығы заңдылығына сүйене отырып, 2004-ші жылы сондай суреттердің жариялануын талап етіп, арыз тапсырған болатын. Аталған жариялау үдерісі осы өтінішке орай жүзеге аспақшы. Ал Буш әкімшілігі өз кезінде суреттерді жариялау туралы өтінішті кері қаққан еді.