Пәкістанда қарумен ойнаған балалар қыршын кетіп жатыр

Пәкістанның солтүстік-батысында қол гранатының жарылысынан 4 бала мен ата-анасы құрбан болды. Қайғылы оқиға Солтүстік Вазиристан өлкесінде болды.
Хабарға қарағанда, көп балалы отбасы автокөлікпен келе жатқанда, көліктің ішінде қару-жарақ пен қол гранаттары болған. Гранаттың неге жарылғаны беймәлім.
Өткен сенбі күні Пәкістанның солтүстік-батыстағы шекара аумағында тауып алған бомбамен футбол ойнамақ болған 12 бала қыршын кетті. Олар бомбаны мектептен қайтып келе жатып аңғарса керек.
Солтүстік Вазиристанда содырлар көп, жергілікті халық та қарусыз емес.