Лукашенко Италияға барды

Беларусь президенті Александр Лукашенко Италияға барды. Италия сыртқы істер министрі Франко Фраттинидің мәлімдеуінше, кездесу барысында ол Лукашенкоға адам құқықтарының құрметтелуін айтатын болады. Лукашенко Фраттинимен және Италия премьер-министрі Сильвио Берлусконимен кездеседі деп жоспарланған. Ол сондай-ақ Папа Бенедиктпен кездесті.

Бұл сапар адам құқықтарына қатысты сынға ілінген Беларусь үшін ерекше бір дипломатиялық оқиға деп бағалануда.