Иран түрмесіндегі АҚШ журналисі аштық акциясын жалғастыруда

Иранда түрмеге жабылған журналист Роксана Саберидің әкесі қызының әлсіз күйінде қалып отырғанын хабарлады. Тыңшылықта айыпталып, 8 жылдық түрме жазасына кесілген американдық журналист Сабери осыдан бір апта бұрын абақтыда аштық жариялаған болатын. АҚШ Сабериге тағылған айыптарға негіз жоқ деп мәлімдеп, оны азат етуге шақырды.