Ирақтағы жарылыстан кемінде 41 адам қаза тапты

Ирақ ресмилерінің хабарлауынша, бүгін Бағдадтың Садрсити ауданындағы базарда тұрған көлікке қойылған бомба жарылыстарынан кемінде 41 адам қаза тауып, 70 кісі жараланды. Шиит мұсылмандары тұратын аймақтағы бұл шабуыл өткен аптадағы қанды оқиғалардың жалғасы болып отыр. Өткен аптада Бағдадта екі күн ішінде бірнеше жанкештілік шабуыл орын алып, 150 адамның өмірін әкеткен.