АҚШ-та 7 адам өздеріне тағылған айыптарды мойындады

Калифорнияда 7 адам Иранның халық мужахедині ұйымына материалдық қолдау көрсеткендерін мойындады. Аталған ұйым Иран ислам республикасының үкіметін құлатуды қолдайды. Associated Press агенттігінің хабарлауынша, сәрсенбі күні Санта Ана қаласындағы сотта айыптарын мойындаған азаматтар 20 жылға түрмеге жабылуы мүмкін.

Прокурорлардың айтуынша, айыпталушылар Ирақта орналасқан Халық мужахедині ұйымына қаржылай көмек көрсеткен. АҚШ-та лаңкестік топтар тізіміне енгізілген бұл ұйымды Ирақтың бұрынғы президенті Саддам Хуссейн қолдаған болатын.