Рим папасы бейбітшілік үшін Таяу шығысқа барады

Рим папасы Бенедикт XVI -шы алдағы аптада өзінің бейбітшілік қажылығы ретінде Таяу Шығысқа сапар жасайтынын айтты. Бұл туралы Бенедикт Римдегі шіркеу қоры мүшелерімен кездесуінде мәлімдеді.
2005 жылы Рим папасы атанғаннан бері Бенедикт Таяу Шығысқа алғашқы сапарын мамырдың 8-де Йорданиядан бастап, Израиль мен Палестина аймағында мамырдың 15-не дейін болмақшы.