Ресейдегі газ жарылысынан кемінде 7 адам қаза болды

Ресейдің шығысындағы Иркутск қаласындағы тұрғын үйде болған газ жарылысынанкемінде 7 адам қаза тапты. Тағы бірнеше адам ауыр жараланды.
РИА-Новости ақпарат агентігінің хабарлауынша, төтенше жағдайлар министрлігінің жергілікті ресмилері бұл жарақат алғандардың ішінде өртке шалдыққан бір бала да бар екенін айтқан.
Бұл жарылыстан шыққан өрт екіқабатты үйді қиратты.