Қытай 40 мексикандықты оқшауландырып тастады

Бүгін Қытайда доңыз тұмауының тіпті еш белгісі болмаса да, шамамен 40 шақты мексикандық оқшауландырылып тасталды.
Бейжіңдегі Мексика елшілігі хабарлағандай, олардың адамдарын Қытай билігі бірнеше қонақүйде ұстап отыр.
Сенбі күні Мексика сыртқы істер министрлігі Қытайдың доңыз тұмауынан қорғанып, мексикан азаматтарына қарсы басталған шараларына байланысты өз азаматтарына бұл елге бармауға кеңес берген.
Қытайдың денсаулық сақтау мекемелерінің ресмилерінен бұл жағдайға түсінік алу мүмкін болмады.