Молдова коммунистік үкіметі дүйсенбі күні ресми түрде тарады. Таяу арада жаңадан сайланған парламент президент Владимир Ворониннің орнына басқа бір тұлғаны таңдайтын болады. Парламенттің алғашқы отырысы сейсенбі күні өтпек. Сәуірдің 5-і күнгі сайлауда коммунистер парламенттегі 101 орынның 60-на қол жеткізген болатын. Сайлаудан кейін елде жаппай наразылық шаралары орын алды.