Прагада Жапония-ЕуроОдақ басқосуы өтті

Жапония премьер-министрі Таро Асо халықаралық қауымдастық бірігіп, ядролық қаруды таратпау әрекеттерін күшейтуі керек деп мәлімдеді. Прагада өткен ЕуроОдақ-Жапония саммитінде сөйлеген сөзінде Асо Қытай мен Солтүстік Кореяның ядролық әрекеттері Азиядағы қауіпсіздікке зиян келтірді деп атап көрсетті.

Пхеньян таяуда зымыранын ұшырса, Қытай ядролық арсеналын жетілдіріп жатыр.