Сабери ісіне байланысты Иранда тыңдаулар болады

Иран текті АҚШ журналисі Роксана Сабери АҚШ-тың пайдасына тыңшылықта айыпталып, өткен айда 8 жылға сотталған болатын. Бұл шешімді қайта қарау туралы Саберидің өтініші бойынша тыңдаулар келесі аптада, жабық есік жағдайында өтпекші. Оның ата-анасының айтуынша, наразылық ретінде аштық жариялаған Сабери өткен аптада қысқа уақытқа ауруханаға түскен екен. Сот өкілдері бұл хабарды теріске шығаруда. Вашингтон аталған айыптауларды негізсіз дей келіп, Саберидің босатылуына шақыруда.