Калифорниядан зымыраннан қорғаныс жерсерігі ұшырылды

Калифорниядағы қорғаныс департаментінің ресмилері АҚШ-тың зымырын қорғанысы бағдарламасына сынақ жасайтын жерсерігі сәтті ұшырылды деп хабарлады. Жерсерігі қойылған “Дельта-2” зымыраны сейсенбі күні Калифорния жағалауындағы Вандерберг әуекүштері базасынан ғарышқа көтерілді.
Зымыран қорғанысы агенттігінің өкілі Рик Ленердің сөзіне қарағанда, жерсерігі зымырыннан қорғайтын ақпарат жеткізетін және қорғайтын элементтермен жабдықталған.