ҚР президенті бірқатар әскери қызметкерлерді мемлекеттік наградалармен марапаттады

Отан қорғаушылар күні қарсаңында ҚР президенті әскери және қызметтік міндетін үлгілі атқарғаны, ерлігі мен қажырлы іс-қимылы үшін әскери қызметшілерді, құқық қорғау органдары мен ұлттық қауіпсіздік жүйесінің қызметкерлерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.


Аталған жарлыққа сәйкес, мемлекеттік наградалармен барлығы 32 адам, оның ішінде 11 адам – ІІ-ші дәрежелі «Айбын» орденімен , 2 адам – ІІІ-ші дәрежелі «Айбын» орденімен, 3 адам – «Құрмет» орденімен, 10-ы – «Ерлігі үшін», 6 адам – «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдарымен марапатталды.