Ирақта полиция генералы оққа ұшты

Ресмилердің айтуынша, сенбі күні Басра қаласының жанында Ирақ полициясының генералына қастандық жасалған. Бір қарулы адам Зубаир ауданындағы дүкенде тұрған Хаким Жассимді атып өлтірген. Бұл оқиға туралы басқа егжей-тегжейлі мәлімет келіп түспеді.