Ирақ министрінің бауыры жемқорлықта айыпталуда

Ирақ сауда министрінің бауыры жемқорлықта айыпталып, қамауға алынды. Ирақ полициясының хабарлауынша, Сабаһ Мохаммед әл-Судани бейсенбі күні кешкісін елдің оңтүстігіндегі тексеру бекетінде тұтқындалған. Сауда министрі Абдул Фалаһ әл-Суданидің бауырына парақорлықпен айналысты деген айыптар тағылып отыр.

Сенбі күні премьер-министр Нури әл-Малики билік орындарын жемқорлықпен күрес науқанын бастауға шақырды. Парақорлық деңгейін зерттейтін Transparency International ұйымы 2008 жылғы баяндамасында Ирақты Сомали мен Мьянмадан кейінгі әлемдегі үшінші жемқорлыққа батқан ел деп сипаттаған болатын.