Ауғанстандағы шабуылдан 7 адам опат болды

Жексенбі күні Ауғанстанның оңтүстігінде орын алған жанкештілік шабуылдан 7 адам қаза тапты. Олардың арасында қарапайым азаматтар мен полиция қызметкерлері және сарбаздар болды деп хабарланып отыр. Ресмилердің айтуынша, Хелманд өлкесіндегі Гиришк қаласында болған бұл жарылыстардан сондай-ақ 20 адам жарақат алған.