Папа Бенедикт 16-ның Израилге сапары басталды

Ол тәуелсіз Палестинаның құрылуына және Израиль-Палестина жанжалының бейбіт шешілуіне шақыруда. Папа Израиль мен Батыс жағалауға 4 күндік сапары барысында Иса пайғамбардың өміріне қатысы бар, қасиетті жерлерге зиярат етпекші. Сондай-ақ Еврейлер мен Мұсылмандардың қасиетті қалаларында да болмақшы. Президент Шимон Перес папаның сапарын «діндер арасындағы түсіністік пен бейбітшілікті насихаттайды» деп қызу қуаттады.