Пан Ги Мун Сириядағы жағдайға алаңдаушылық білдірді

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун Сирияда шерушілерге қарсы жасалып жатқан іс-әрекеттерге байланысты алаңдаушылық білдірді.

БҰҰ қауіпсіздік кеңесі кеше Сириядағы жағдайға қатысты қарар қабылдаған жоқ, бұл мәселе бойынша кеңесулер бүгін де жалғасады.

Отырысқа қатысқан дипломаттардың айтуынша, Ресей мен Қытай Сирия бойынша қатаң қарар қабылдауды қолдамайды.

Сейсенбі күні Дамаск және өзге қалаларда сириялық оппозицияны жақтайтын жүздеген адам ұсталған. Алты аптаға жалғасқан наразылық акциялары барысында кемінде 400 кісі қаза болған.