НАТО шабуылынан 12 ливиялық көтерілісші мерт болды деп хабарланды

Хабарларға қарағанда, Мисурата қаласында НАТО-ның әуе шабуылынан 12 ливиялық көтерілісші опат болып, 40 адам жарақат алған.

Көтерілісшілердің уақытша өтпелі ұлттық кеңесінің баспасөз хатшысы "соғыста қателіктер болып тұрады, олардың алдын алу қиын" деп атап көрсетті. Сәрсенбі күнгі оқиғаға байланысты НАТО әлі пікір білдірмеді.