Мұхит проблемасына арналған конференция өтуде

120 елдің сарапшылары Индонезияда өтіп жатқан әлемдік Мұхиттар конференциясына қатысуда. Күн тәртібіндегі мәселелердің бірі-тұрақты Халықаралық форум құру. Ол форумның міндеті қоршаған ортаны қорғау істерін үйлестіру және мұхит деңгейі көтерілуінің климатқа әсерін зерттеу. Конференцияда БҰҰ-ның жылымықтануға қарсы жаңа келісімшарты жобасын да талқыламақшы.