"Қазақ Алтын» компаниясының ғимаратында өрт болды

Ақмола облысындағы «Қазақ Алтын» компаниясының ғимаратында өрт болды, — деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Агенттіктің мәліметінше, дүйсенбі күні Степногорскіде аталған концерннің әкімшілік ғимаратында шыққан өрттің салдарынан екінші қабаттың 560 шаршы метр аумағы жанып кеткен. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.