Павлодарда славян жазуы мен мәдениетінің онкүндігі басталды

Павлодар облысындағы С. Торайғыров атындағы кітапханада славян жазуы мен мәдениетінің онкүндігі басталды, — деп хабарлады «Новости-Казахстан» ақпарат агенттігі.

«Біз этникалық шеңберде қамалып қалмаймыз, сондықтан бұл шараға барлық ұлттық-мәдени орталықтардың өкілдерін шақырдық», — деді осы аймақтағы славян орталығының төрайымы Татьяна Кузина.