Биржадағы теңгенің орташа бағамы 150,15 теңгені құрады

15 мамыр, жұма күнгі мәлімет бойынша, Қазақстан қор биржасында (KASE) теңгенің долларға шаққандағы орташа бағамы бейсенбі күнгімен салыстырғанда 0,33 теңгеге қымбаттап, 150,15 теңгені құрады.

Бүгін Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ валютасы бойынша жасалған сауда- саттық айналымы 111, 400 млн долларды құраған, ал бейсенбі күні 62,195 млн доллар болған еді.