Нобель комитеті Су Чжидің қамалуын айыптады

Нобель бейбітшілік сыйлығымен марапаттайтын Норвегия комитеті Мьянманың оппозиция жетекшісі, Нобель сыйлығының лауреаты Аун Сан Су Чжидің қамалуын айыптады. Нобель комитетінің мәлімдемесі бейсенбі күні қамауға алынған Су Чжидің тезарада босатылуын талап еткен.
Бұл Нобель сыйлығының лауреаты Аун Сан Су Чжиге американдық қонақ келіп кеткен соң, оған үйқамауының талаптарын бұзды деп қамауға алынды.
Бүгін БҰҰ-ның Адам құқықтары бойынша жоғарғы комиссары Су Чжидің қамалуы заңға қайшы деді.