ОБСЕ қызметінің Грузияда жалғасуы сауал астында қалуда

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Грузиядағы бейбітшілік бақылау қызметінің жалғасуына Ресей қарсы тұрған болатын. Сол себепті де аталған ұйым Грузиядан маусымның 30-на дейін шығуы тиіс. АҚШ осы мәселеде ортақ шешімнің болмағанына орай қынжылыс білдіріп, сондай-ақ Кремльді райынан қайтуға шақырды. Ресей Оңтүстік Осетияны тәуелсіз ел ретінде әлемге мойындатқысы келеді. Алайда Грузияның бұл жікшіл аймағын ОБСЕ-ге мүше 56 елдің ешқайсысы мойындаған жоқ.