Нью-Йоркте террорлық шабуыл жасамақ болған 4 адам ұсталды

Нью-Йорк қаласындағы әскери база мен еврей синагогасына қарсы шабуыл жасамақ болды деген күдікпен 4 адам қамауға алынды. АҚШ-тың аудан басшыларының айтуынша, ұсталғандар Нью-Йорктің Бронкс ауданындағы синагога жанында жарылыс қойып, Нью-Йорктегі ұлттық әуе базасының ұшақтарын атып түсіруді жоспарлаған.
Ол төрт күдіктінің аты-жөндері мен қай ұлт екені айтылмай отыр.