Пәкістанның шығысындағы жарылыстан кемінде 15 кісі қаза тапты

Пәкістан полициясының хабарлауынша, елдің шығысындағы Лахор қаласында орын алған жарылыстан кем дегенде 15 адам қаза болып, тағы біраз кісі жараланды.
Қуатты жарылыс полиция бекетінің ғиамараты мен басқа да үкіметтік үйлерді қиратты.
Полиция ресмилерінің айтуынша, көлікке жарылғыш зат қойып жарған жанкешті полиция бекетінің қауіпсіздік тосқауылынан өтуге тырысқан.
Бұл жарылысқа жауапкершілікті әлі ешкім алмады.