«Самұрық-Қазына» тікұшақпен тасымалдаушы компанияны құруға қатысуда

Қазақстандағы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры Каспийде тікұшақпен тасымалдау жөніндегі сервистік компанияны құруға қатысуда, — деп хабарлайды «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС-нің басқарушы директоры Диас Ысқақов.

Оның айтуынша, сервис компаниясы көлік құрылымы әлі күнге дамымаған Каспий аймағын қамтамасыз етпек.