Ирақтың бұрынғы сауда министрі ұсталды

Ирақ ресмилерінің хабарлауынша, бүгін жемқорлық айыптарымен іздеуде болған елдің бұрынғы сауда министрі Абдул Фалах әл-Судани Бағдад әуежайында қамауға алынды. Ассошейтед пресс агенттігіне парламенттегі интеграциялық комитеттің басшысы Сабах әл Саедидің айтуына қарағанда, іздеу жарияланған экс-министр мінген ұшақ Дубайға ұшып бара жатқан жерінен Бағдадқа қайтарылған. Оның ұсталуы Ирақ үкіметі коррупцияға қарсы күресті бастап, осы жылдың басынан бері жүздеген адамға іздеу жариялаған тұста болып отыр.