Қытайда шахтадағы жарылыстан 25 кенші қаза тапты

Қытайдың мемлекеттік Синьхуа агенттігі хабарлағандай, бүгін Қытайдың оңтүстік-батысында көмір шахтасында газ жарылысы болып, 25 шахтер құрбан болды. Және шахтада қалған 20 шақты адамды құтқару шаралары жалғасып жатыр.
Қытайдың көмір шахталарында осындай жарылыстар жиі орын алады.
Өткен жылғы ресми көрсеткіштерге қарағанда, 3,200 шахтер қаза тапқан.