Израиль министрі Ресей мен Беларусқа барады

Израиль сыртқы істер министрі Авигдор Либерман дүйсенбі күні Мәскеуге барады. Совет одағы кезіндегі Молдовада дүниеге келген Либерман Ресей президенті Дмитрий Медведевпен, премьер-министр Владимир Путинмен сондай-ақ ресейлік әріптесі Сергей Лавровпен кездесуді жоспарлап отыр.

Израиль сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, бейсенбі күні Либерман Минскіге барып, Беларусь президенті Александр Лукашенкомен және сыртқы істер министрі Сергей Мартыновпен кездеспек.