Украина банкінде бомба жарылды

Оның кесірінен кем дегенде 20 адам жараланған. Ауыр жарақатпен ауруханаға түскендердің бірі өте ауыр халде екен. Мелитопол қаласындағы ол банк Ошчадбанк деп аталады дейді украин басылымдары. Хабарларға қарағанда, белгісіз екі адам банкке кіріп, бір пакетті тастап, тайып тұрысымен, іле-шала осы жарылыс болған екен. Полиция бұл оқиға жөнінде түсініктеме бере қойған жоқ.