Ономастика комиссиясы азаматтардың аты-жөнін жазуды реттеуді талқылады

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі М. Құл-Мұхаммедтің төрағалығымен үкіметтің жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясының осы жылғы алғашқы отырысы болды, — деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Комиссия мүшелері отырыстың күн тәртібіне енгізілген бірқатар өзекті мәселелерді ортаға салып: Павлодар облысының Қашыр ауданын қайта атау туралы; Қазақстан Республикасының білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарын атау мен қайта атау, сондай-ақ темір жол станцияларына атау беру және олардың атауларының орыс тіліндегі транскрипциясын өзгерту туралы; ұлты қазақ азаматтардың аты-жөнін жазуды реттеудің мәселелері туралы ережені қарап, талқылады.

Осы отырыста қаралған мәселелер бойынша қабылданған қорытынды ұйғарымдарға орай ҚР президенті жарлығының және ҚР үкіметі қаулысының жобасы әзірленіп, үкіметтің қарауына ұсынылатын болады.