Пәкістан мешітінде бомбалық жарылыс болды

Ол жарылыс Пешавар қаласынан 200 шақырым қашықтықтағы Жоғарғы Дир ауданында орналасқан мешітте, жұма намазы кезінде орын алған. Алғашқы хабарларға қарағанда, оның кесірінен кем дегенде 4 адам қаза болған. Шынтуайтында қаза болғандар саны бұдан көп сыңайлы, дейді хабарлар.