Армения мен Әзірбайжан президенттері кездесті

Серж Саркисян мен Илхам Алиевтің бейсенбідегі кездесуі Санк-Петербор қаласында болып, оған Ресей президенті Дмитрий Медведев төрағалық етті. Күн тәртібінде Таулы Қарабақ дауын бейбіт жолмен шешу тұрды. Кездесу барысында айтарлықтай ілгері қадамдар жасалмаған, дейді хабарлар.