Қытайда жер көшкінінен 26 адам опат болды

Қытай мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша, елдің оңтүстік-батысында орын алған жер көшкінінен 26 адам қаза болған. 7 адам аман қалды, олардың екеуі ауыр халде ауруханаға жеткізілді, сондай-ақ 52 адам із-түссіз жоғалып кетті деп хабарланып отыр.