Назарбаев Обаманың үндеуіне байланысты өз ойын білдірді

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ президенті Барак Обаманың Қаир университетіндегі үндеуіне байланысты өз ойын білдірді. Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Назарбаев президент Обама Қаирде сөйлеген сөзі арқылы өзінің мұсылман әлемімен ымыраға келіп және өзара түсіністікті ретке келтіруге ұмтылатынын көрсеткенін атап өтті.

«Мені АҚШ президентінің осындай сындарлы ұстанымы жігерлендіреді және Қазақстан өз тарапынан АҚШ-пен саяси, экономикалық және мәдени өзара іс-қимылды одан әрі күшейте беруге дайын», - деп атап көрсетті Нұрсұлтан Назарбаев.