Обама Еуропа мен Таяу Шығысқа сапарын аяқтады

АҚШ президенті Барак Обама жексенбі күні Парижден Вашингтонға ұшып кетті. Сөйтіп Обаманың Еуропа мен Таяу Шығысқа бескүндік сапары аяқталып отыр. Францияның алдында ол Германияда канцлер Ангела Меркелмен кездесіп, Бухенвальд лагеріне барды. Ал Сауд Арабиясы мен Мысырға сапары барысында Обама мұсылман әлемімен қарым-қатынастардың жаңа парағын ашуға шақырды.