ТМД өкілдері заңсыз көші-қонмен күрес мәселесін талқылайды

10 маусым күні Астанада ТМД –ға қатысушы мемлекеттердің заңсыз көші-қонмен күрес жөніндегі отырысы өтеді, — деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов.

Аталған шараның басты мақсаты заңсыз виза алуға тосқауыл қою. Осы мәселені шешудегі Қазақстанның тәжірибесі ТМД –ға қатысушы басқа мемлекеттерге ұсынылмақ.