Мексикада болған өрттің құрбандары саны өсуде

Мексиканың Сонора штатындағы Қамқорлық орталығында болған өрттен 42-дей бала қаза болған, дейді хабарлар. Хермосилло қаласында жұмада болған осы өрттен күйіп қалған 33 адам ауруханаға жатқызылған екен.

Ол ғимаратта бір ғана шығу есігінің болуы құтқару жұмыстарына кедергі келтірген екен. Сондай-ақ онда өрт қаупін алдын-ала ескертетін жүйе де, өрт сөндіргіш құралдар да болмаған көрінеді. Оқиғаның шығу себептері зерттелуде.