Италияда 6 күдікті ұсталды

Италияда алдағы айда өтетін Сегіздік тобы саммитіне шабуыл жасамақшы болды деп күдіктелген 6 адам қамауға алынды. ANSA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сәрсенбі күні тұтқындалған  әлгі азаматтарға лаңкестік шабуылды жоспарлады деген айыптар тағылып отыр. 

Шілде айында  Италияда Сегіздік тобы жетекшілерінің басқосуы өтеді.