Standard & Poor's Қазақстан банктерінің рейтингін төмендетті

Standard & Poor's рейтингтік қызметі Қазақстанның екі жетекші банкі — «Казкоммерцбанк» АҚ мен «Қазақстан Халық банкінің» ұзақ мерзімді несиелік контрагенттерінің рейтингін төмендеткен.

Сонымен «Казкоммерцбанктің» (ККБ) рейтингі «В+» тен «В» -ға, ал «Халық банкінің» рейтингін «ВВ-»-тен «В+»-ке түсірген. Рейтингтердің болжамы «жағымсыз» делінуде.

S&P «Халық банкінің» қысқа мерзімді несиелік рейтингін «В» деңгейінде қалдырып, «Казкоммерцбанктің» қысқа мерзімді несиелік рейтингін «В» -дан «С»-ға төмендеткен.


S&P –дің бағалауынша қазіргі уақытта рейтингтің көтерілу мүмкіндігі аз. Сондай-ақ капитал нарығындағы қарыз, несиелік портфель концентрациясының азаюы, шетел валютасымен берілетін несиенің қысқартылуына байланысты едәуір төмендеу болуы мүмкін. Нарықтағы жағдай тұрақтанғаннан кейін бұл банктердің рейтингінің көтерілуі активтерінің сапасы жоғарылауына тәуелді болмақ.