Пәкістанда қатарынан 2 жарылыс болды

Пәкістанда қатарынан екі жарылыс орын алды. Алғашқы жарылыс елдің шығысындағы Лахор қаласында орналасқан исламшыл мектепте болған, ал екіншісі елдің солтүстік-батысындағы Ноушера қаласында орын алды. Расталмаған хабарларға қарағанда, адам шығыны болған. Бұл оқиғалар туралы Азаттық радиосына мәліметтер келіп түсіп жатыр.