Ирақ депутаты өлтірілді

Бағдадта Ирақ заңшығарушысы оққа ұшты. Харис әл-Убайди Ирақ парламентіндегі ең ірі сунниттер блогының жетекшісі әрі адам құқықтары бойынша парламент комитетінің мүшесі болған еді. Әл-Убайдиге жұма күні Бағдадтың батысындағы мешіттің жанында шабуыл жасалды.