Қазақстан мен Қырғызстан төтенше жағдайлар жөніндегі ынтымақтастыққа келісті

Қазақстан мен Қырғызстан үкіметаралық кеңесінің қорытындысы бойынша азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайларды ескерту және жою саласындағы ынтымақтастық келісіміне қол қойды.

Сондай-ақ тараптар екі ел азаматтарының екі республика аумағында жеке кәсіпкерліктерін іске асыру тәртібі жөнінде де келісімге келді. Қырғызстан премьер-министрі Игорь Чудиновтің айтуынша, бұл келісім екі жақтың кәсіпкерлерінің іскерлігін заңдастырып, бұл сектордың жұмыстарын жеңілдетпек.