Обама Ауғанстанда сайлау алды науқанның басталуын қуаттады

АҚШ президенті Барак Обама Ауғанстанда тамыздың 20-да өтетін президенттік және аймақтық кеңес сайлауларына науқанның басталғанын оң қабылдайтынын мәлімдеді.
Сейсенбі күні таратылған мәлімдемеде сайлау алды науқан ресми түрде басталды деп айтылып, Обама өз әкімшілігі президенттік бәсекеде бейтарап дей келе, Құрама Штаттар тек Ауғанстанның қандайда бір жетекшісімен ғана емес, ауған халқымен де әріптестік байланыста болғысы келеді деп айтты.
Обама Ауғанстанның келесі президенті ел үкіметіне ашықтық пен жауапкершілік әкеліп, аймақта тұрақтылық болуы үшін көп нәрсе жасауы керек деді.