Роснефть вице президентінің баласы босатылды

Ресейдің мемлекеттік Роснефть мұнай компаниясы атқарушы жетекшісінің ұрланған баласы босатылды.
Прокурорлардың хабарына қарағанда, Роснефттің вице-президенті Михаил Ставскийдің 19 жасар ұлы өткен түнде босатылды. Бірақ басқа мәліметтер айтылмай отыр.
Оны сәуір айында біреулер басып әкетіп, ресейлік баспасөздің жазуынша, құнақы ретінде 50 млн еуро талап еткен.